2021 жылдың 15-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты клубында Әскери педагогика және психология кафедрасының бастамасымен Әскери институттың әскери ғылыми үйірмесінің 2020-2021 оқу жылы бойынша қорындысы және 2021-2022 оқу жылына тапсырмалар бойынша кеңейтілген жиналысы өткізілді. Жиналыста Әскери педагогика және психология кафедрасының бастығы полковник М.А. Шапашев, профессорлық оқытушылар құрамы, 1,3,4 курс курсанттары қатарынан әскери ғылыми үйірмесінің мүшелері және командирлік-тәрбиелік мамандығы бойынша оқу топтары болды. Сонымен қатар жиналысқа Әскери институттың әскери ғылыми бөлімінің бастығы полковник Ж.А. Атығаев қатысты.


Жиналыс барысында Әскери ғылыми үйірмесін 2020-2021 оқу жылында жетекшілік еткен Әскери педагогика және психология циклінің аға оқытушысы подполковник І.Ә. Ахметов өзінің жыл бойғы жұмысы бойынша есебімен сөз сөйлеп,  атқарған жұмыстағы жетістіктері жайлы баяндама жасады. Әскери ғылыми үйірмесінің 2021-2022 оқу жылына жоспары бойынша Әскери педагогика және психология кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы, және әскери ғылыми үйірмесінің мүшелеріне үйірменің жаңадан тағайындалған жетекшісі С.У. Тоғызбаев баяндады. Жиналысқа қатысушылар назарына экранда слайд түрінде ғылыми жетекшілердің өмірбаяны мен жетістіктері таныстырылды. Сонмен қатар келер жылға жоспарланған іс-шаралар ұсылылып талқыланды.
Әскери институттың әскери ғылыми бөлімінің бастығы полковник Ж.А. Атығаев жиналысты қорытындындылап осындай іс-шара алғаш рет өткізіліп жатқанын атап өтіп басқа кафедраларғада осылай өткізу қажеттілігін атап өтті.

Полковник Серік ТОҒЫЗБАЕВ

от admin