Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында  сәуірдің 14 мен 16 аралығында Ұлттық ұлан тәрбиеші офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты – әскерилердің біліктілігін арттыру, құқықтық тәртіп әскері жеке құрамымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыруда проблемалық сұрақтар мен олардың шешу жолдарын анықтау болды.
Тәбиеші-офицерлердің оқу-әдістемелік жиынына төрағалық еткен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Серәлиев жиынды ашу барысында әскердегі тәрбие жұмысының маңыздылығына тоқталып, оның негізгі мақсаттарын алға тартты.


— Бүгінде әскердегі оқу-тәрбие процесінде тәрбиеші-офицер маңызды рөл атқарады. Оның негізгі міндетіне жеке құрамның рухын қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға итермелеумен бірге қатаң тәртіпті орнату болып табылады. Тәлімгерлердің  қызмет барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Оның ішінде әскери, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік дайындық дағдыларын ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ қазіргі заман ағымына сай жаңа тәсілдерді тиімді қолдану да күн тәртібінде тұр, — деді әскердің бас тәрбиешісі.
Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының және әскери бөлім командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен жиын барысында дәріс берушілер мен лекторлар түрлі әдістерді қолданды. Сабақтар лекциялық, пратикалық, нұсқаулық-әдістемелік және тренинг түрінде өтті.


Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Александр Крамардың айтуынша, әскерде тәрбиешілердің жұмысы ең алдымен жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы мен ұжымда әскери тәртіптің сақталуы бойынша бағаланады.
Айта кеткен жөн, жиынға әскердің тәрбиеші-офицерлерінен бөлек тәжірибе алмасу мақсатында Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындары бастықтарының орынбасарлары да қатысты.

майор Руслан ЖАНГУЛИН

от admin