2021 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету контексінде әскери білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына)» тақырыбында III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әскери институтта басқа әскери жоғары оқу орындарының, академиялардың, университеттердің, әскери бөлімдердің ғалымдары мен әскери мамандарының қатысуымен жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференциялар өткізу дәстүрге айналды. Конференция барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— Тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен жасампаздығының аса маңызды факторы ретінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметтік-жауынгерлік қызметі;
— Қазіргі заманғы әскери білім беру жүйесінің проблемалары мен жай-күйі: жетістіктері мен жаңғырту жолдары;
— Пандемия жағдайындағы Қазақстанның ұлттық мүдделері мен әскери қауіпсіздігі: сын-қатерлер, шешімдер мен салдарлар;
— Тәуелсіз Қазақстанның мәдени-тарихи және әлеуметтік-құқықтық аспектілері.
Әскери білім беруді одан әрі дамыту жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы жаңғырту ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. Бұл жерде Қарулы күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар үшін кәсіби кадрларды даярлау сапасы өте маңызды. Әңгіме тек оқыту туралы ғана емес, болашақта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті әскери кадрларды кәсіби даярлаудың жаңа бағыттарын дамыту туралы болып отыр. Бұл халықаралық ғылыми-практикалық конференция тақырыбын таңдауға әкелді.
Конференцияға қатысу үшін 150-ден астам мақала жарияланды. Әскери институттың, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдерінен басқа, қойылған проблемаларды ашуға және талқылауға Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысу үшін 150 баяндама жіберілді. Қойылған мәселелерді ашу мен талқылауда Әскери институт, Қазақстан Республикасы ЖОО өкілдерінен басқа Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы өкілдері қатысты. РФ Ұлттық ұланының Новосібір Әскери институты, РФ Ұлттық ұланының Пермь Әскери институты, Армия генералы А.В. Хрулев атындағы материалды-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясы (Санкт-Петербург қ.), Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, «Беларусь Республикасы Әскери академиясы» БМ (Минск қ.), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметі академиясы, Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясы, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы, Радиоэлектроника және байланыстың әскери-инженерлік институты, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мақалалар ұсынылған.
Конференцияға қатысушылар ведомстволық ЖОО магистратурасында оқуды ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылады, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының қабырғасында жақын келешекте жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесін (магистратура) құруға ықпал ететін және біздің оқу орнымызға академия мәртебесін беру үшін іргетас болатын ұсынымдар әзірледі.

ҚР ҰҰ Әскери институтының баспасөз қызметі

 

от admin