Нұр-Сұлтан қаласында «Білім-Өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы негізінде «Білімді ұрпақ – тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық эссе байқауы өткізілді.
Аталмыш сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары қатысты. Сайыс 3 бағытта ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша төмендегі курсанттар I дәрежелі дипломмен марапатталды:
-364 оқу тобының курсанты Айтикенов Е. Жетекшісі: кафедра бастығы капитан А. Саркенқызы.
-482 оқу тобының курсанты Жылкибаев Н. Жетекшісі: кафедра бастығы капитан А. Саркенқызы.
-473 оқу тобының курсанты Сапиев Б. Жетекшісі: подполковник К. Абилгаламова.
-474 «т» оқу тобының курсанты Пернеқұл Ж. Жетекшісі: подполковник К. Абилгаламова.