2021 жылғы ақпанның 27 бастап 3 наурыз аралығында Алматы облысының Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған (18-21 жас) жастар мен жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанттары спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және әскери ұжымның бірлігін көрсете білді.
Бұл турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысты, олардың ішінде Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанттары да болды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әскери институттың 4 курс курсанты Мадияр Жұмағұлов 1-орынды иеленді, осылайша қоян-қолтық ұрысынан  Қазақстан чемпионы атанды.
«Бүгінгі күні қоян — қолтық ұрыс әскери қызметшілерді даярлаудың ажырамас бөлігі. Спорттың бұл түрі әскери-қолданбалы спорт түрлері арасындағы көріністік жекпе-жек түрлерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда армияның қоян-қолтық күресі жастар арасында танымал бола бастады. Жарыс барысында біздің спортшыларымыз тамаша нәтижелер, ептілік пен ерік-жігер көрсетті», — деді дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы подполковник Мирас Бірімжанов.
Сондай-ақ, әскери институттың басқа да курсанттары құрметті орындарға ие болды: 60 кг дейінгі салмақ санатында 3 курс курсанты Бақтияр Мұратбек 2-орынды, ал 80 кг дейінгі салмақ санатында 3 курс курсанты Ерден Нұрланұлы 2-орынды иеленді.
Ұлттық ұланның Әскери институты даңқты спорттық дәстүрге ие. Көптеген жылдар бойы әскери кадрлар ошағының курсанттары мен офицерлері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып келеді.
Соңғы жылдары институтта разрядтаушы спортшылардың өсу үрдісі байқалады. Бүгінгі таңда институтта 5 спорт шебері және 3 спорт шеберіне үміткер білім алуда.

    лейтенант Олжас ӘДІЛБЕК

от admin