2021 жылдың 15 ақпанында Ұлттық ұлан Әскери институтында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына орай тақырыптық кеш өткізілді. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы шеруі Ауған жерінен шыққаннан бері дәл 32 жыл өтті.
Ауғанстандағы үкіметтік күштер арасындағы әскери қақтығыс он жылға созылды-1979 жылдан 1989 жылға дейін. Қазақстандықтар Кеңес әскери контингенті құрамында ауған әскери қақтығысына қатысты. Сол жауынгерлік іс-қимылдарға мыңнан астам Солтүстік қазақстандық қатысты, олардың 46-сы ешқашан үйлеріне оралмады.
Соғыс кезінде Ауғанстан аумағында 620 мың кеңес азаматы әскери қызмет атқарды. Оның 525 мыңы Кеңес Әскерінің құрамалары мен бөлімдерінің құрамында, 90 мыңы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара заставаларында, 5 мыңы ішкі әскерлер мен милиция қатарында. Сонымен қатар, 21 мың адам жұмысшылар мен қызметкерлер болды. Кеңес Әскерінің жыл сайынғы тізімінде 80-нен 104 мыңға дейін әскери қызметші және 5-7 мың жұмысшы мен қызметкер тіркелген.
— Қазір қоғамда осы соғыстың сипаты мен оның салдары әртүрлі бағаланады. Бірақ ешкімге Ауған жерінде әскери борышын абыроймен орындаған біздің сарбаздар мен офицерлердің ерлігі мен батылдығын жою құқығы берілмеген, — деп атап өтті Әскери институттың бастығы, генерал-майор Бауыржан Әбжанов жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде.
Тақырыптық кешке Ауғанстандағы әскери борышын өтеген интернационалист-жауынгерлер қатысты. Жүргізушілер қатал соғыстың маңызды сәттерін ашып, интернационалист жауынгерлерге жылы лебіздерін білдірді. Жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ ардагер-интернационалистер үшін әскери оркестр солистерінің орындауында сол жылдардағы оқиғаларға арналған әндер шырқалды.

         лейтенант Олжас Әділбек

от admin