Ұлттық ұланның Әскери институтына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Валентиновна Перепечина жұмыс сапарымен келді.
Қонақтың жұмыс сапары Әскери институттың тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Парламент Сенатының депутаты оқу және әдістемелік кабинеттерде, компьютерлік сыныпта, оқу кітапханасында, казармада және асханада болды. Өз кезегінде институт бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов ЖОО-ның басты жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, сапар барысында Әскери институттың өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандары, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізу, жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу жоспарланған объектілері қаралды.
Әскери институттың клубында сенатордың басқарма офицерлерімен, профессорлық-оқытушылық құраммен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен кездесуі өтті.
Кездесу соңында Ольга Перепечина институттың барлық әскери қызметшілеріне адал қызметі мен кәсібилігі үшін алғыс айтып, институттың әрбір түлегі болашақта мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.

ҚР ҰҰ Әскери институттың баспасөз қызметі

от admin