Ұлттық ұланның Әскери институтында кадр жұмысына жетекшілік ететін облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиындар өтті.
Кадр органдарының басшылары жеке құрамды тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін зерделеп, тәжірибе алмасты. Курстарда ішкі істер органдары қызметі жүйесінің азаматтарға сервистік қызмет көрсетуге көшуі және адамның, адамзаттың денсаулығын, өмірін және қауіпсіздігін қылмыстық және құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кәсіби коучтер қоғаммен өзара іс-қимыл және халықтың құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша тренингтер өткізіді.
Біліктілікті арттыру курсынан ҚР ІІМ кадр органдары басшы құрамының 18 офицері өтті. Ұлттық ұлан Әскери институтының бастығы генерал-майор Бауржан Әбжанов курстарды аша отыра, ішкі істер органдарына кадрларды іріктеу бойынша сапалы жұмыстың және жеке құрамның моральдық-психологиялық даярлығын нығайту, олардың әлеуметтік қорғалуын жақсарту қажеттігін атап өтті.

лейтенант Олжас Адильбек
Петропавл қаласы