Дәл осындай жазуы бар тақтайшаларды 2 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының оқу корпустарынан көре аласыздар. Бұл 4-ші курстың түлек курсанттары мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр. Төрт жыл байқалмай өтті де кетті, жақында ғана Әскери ант қабылдаған секілді едік… Ал енді екі аптадан кейін біз офицерлік погондарды тағамыз.
Біздің Әскери институттың қабырғасында 4 жыл оқу кезінде біз әскери-кәсіби білім, білік және ілімдер алдық. Әр түлек – болашақ лейтенант, енді офицер ретінде тұрақталған тұлға, ақылды, физикалық, моральды-этикалық дамыған – өзінің артынан жеке құрамды алып жүре алатын, олармен басқаруда және қойылған барлық тапсырманы орындауға қабілетті. Осында біздің әскери-оқу орнында институт басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы, басқарма және бөлініс офицерлері өздерінің жеке үлгісімен, жеке еңбегімен әрдайым және бүкіл жерде барлық курсанттарға демеу болды және көмектесті.
2020 жылдың 20 маусымы күні біз 219 түлек жас лейтенанттар оқу орнынының табалдырығын аттап, біздің еліміздің қалаларында және көршілес мемлекеттерде қызмет жолын бастауға жолдама аламыз. Біз Отанымыздың алдындағы борышымызды адал орындауға ант береміз. Біз сіздер берген білімді одан әрі қолдана отыра өзіміздің туыстарымыз, жақындарымыз мақтанышпен айтатындай дәрежеге жетуге бар күшімізді саламыз. Өзімнің курстастарыма барша жинақы болуларына және мемлекеттік емтихандарды табысты тапсыруға тілектеспін!
 
722 оқу тобының курсанты
қатардағы жауынгер Олжас Исенов
Петропавл қ.
 

от admin