2020 жылғы 11 наурызда Әскери институтта Әскери институттың бастығы, философия (PhD) докторы генерал-майор Б.С. Әбжановтың төрағалық етуімен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жұмысқа: институт бастығының орынбасарлары, кеңестің құрамына кіретін бөлім, кафедра бастықтары, батальон командирлері, курсанттар қатысты.
Күн тәртібінің негізгі мәселелері болғандар: институтта әскери шаруашылықтың жүргізілу жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру шаралары, ҚЖҚТ кафедрасы бастығының, 1 оқу батальоны командирінің тексеру нәтижелері бойынша есептері, Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы ғылыми семинарының Материалдар жиынтығын шығару туралы мәселені қарау. Әр баяндама көптеген сұрақтар мен даулар туғызды.
Ғылыми кеңес жұмысының нәтижелері бойынша шешім қабылданды.

от admin