Ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты және Әскери ғылымдары академиясының петропавлдық филиалы «Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) тарихи мұрасы әскери ғылым және білім берудің дамуы контекстінде» тақырыбында 2020 жылдың 20 наурызында өткізілетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша ғылыми мәселелерді талқылау жоспарлануда:
№ 1 секция – «Ұлы Отан соғысының мұрасы әскери ісін дамыту факторы ретінде».
№ 2 секция – «Ғылым және білім берудің фашизмді жеңудегі рөлі».
№ 3 секция – «Кеңес халқы қаһармандығының қайнар көзі және оның қазақстандықтардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне әсер етуі».
Конференцияға қатысу және мақалаларды жариялау шарттары:
Конференцияға қатысудың тікелей және сырттай түрлері ескеріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысу үшін үлгі бойынша рәсімделген мәлімдемелер және электронды ңұсқада баяндамаларды 2020 жылдың 25 ақпанына дейін жіберу қажет. Конференцияның материалдары тегін басылады. Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығын (жолақы, тұру, тамақтану) – қатысушылар есебінен. Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 20 наурызында сағ. 09.00-де өткізіледі.
Материалдарды келесі мекенжай бойынша жіберу қажет: 150009, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Ж. Қизатов көшесі, 6 үй, тел. / факс: 8-7152-47-58-03, е-mail: vno@vivv.kz Үйлестіруші – Әубәкіров Р.М., әскери-ғылыми бөлімі.
Баяндамалардың (мақалалардың) рәсімделуіне қойылатын талаптар.
Баяндаманың немесе мақаланың мәтіні А4 форматында орындалып, Word редакторында, 5 беттен аспауы керек, «TimesKaz» шрифті, шрифт өлшемі – 14 кегль, жол аралығы – 1,0 пт. Беттің жоғары жағында ортадан бас әріппен мақаланың атауы, автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), әскери атағы жазылады. Жолдың ені бойынша түзетіліп, беттің жан-жағынан 25 мм қалдырылуы керек. Шегініс – 1,25 см. Мақала ерекшелігі 75 %-дан төмен болмау керек. Файлдық құжатты автордың тегімен атау қажет.
Конференцияның материалдары ISBN берілген жинақ ретінде басылып шығарылады. Баяндаманы (мақаланы) мұқият редакциялап, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтап жіберулеріңізге назар аударамыз. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды және басылмайды. Ұйымдастырушы комитет басқан кезде мақалаларды қорытынды редакциялауға құқықты.
Баяндаманы (мақаланы) рәсімдеу үлгісіМАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ1 интервалАты-жөні. ТегіЖұмыс орны (жоо, ұйым), ғылыми дәреже, ғылыми атақ,әскери атақ, қала.1 интервалМәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін [1, 123 иб.].Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін [2, 300 б.].1 интервалПайдаланылған әдебиеттер тізімі1. Тегі А.-Ж., Тегі А.-Ж. Кітаптың атауы. – Қала: Баспасөз, жыл. – Беттер саны.2. Тегі А.-Ж. Мақаланың атауы // Журналдың атауы. – Жыл. – №__ – Беттер саны. |
Мәлімдеменің үлгісіХалықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушысыныңМӘЛІМДЕМЕСІТегі ________________________________________________________________________Аты ______________________Әкесінің аты___________________________________Ұйым _______________________________________________________________________Ел, қала ___________________________________________________________________Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________________Әскери атағы_____________________________________________________________Байланыс телефондары _______________________________________________E-mail ______________________________________________________________________Баяндаманың тақырыбы________________________________________________Қатысудың түрі (тікелей, сырттай)_____________________________________Қонақ үйдің қажеттілігі (иә, жоқ)________________________________________Кешкі ас-фуршет (иә, жоқ)_______________________________________________ |
Ұйымдастырушы комитет