2019 жылдың 4 ақпан және 6 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтында профессор-оқытушылар құрамымен оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Ынтамақтастық турлы меморандум аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ негізінде 5 ақпан күні әдістемелік десант түріндегі сабақтары өткізілді. Профессор, педагогикалық ғылымдарының докторы, «Өрлеу» БАҰО АҚ директоры А.Ж. Мурзалинова, алдымен, біліктілікті арттыру жүйесіне кіріспе жасады, кейін,  профессор-оқытушылар құрамы 3 топқа (А, Б, В) бөлінді. Осы топтармен оқытудың интерактивті әдістерін ашудағы әдістемелік дайындық, жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісін инновациялық және техникалық сүйемелдеу және білім беру жүйесін цифрландыру тұрғысынан заманауи презентацияларды жасау технологиясы тақырыптарына сабақтары жүргізілді. Психологиялық және педагогикалық Biblio Fresh, өткізілген cабақтар барысын қорытындылады.
6 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасындағы ынымақтастық туралы меморандум аясында әдістемелік дайындық жөніндегі сабақтары өз жалғасын тапты. Педагогикалық ғылымдарының кандидаты, педагогикалық факультетінің деканы А.К. Иманов, біздің профессор-оқытушылар құрамына, жоғарғы оқу орындарындағы интеррактивті оқыту әдістерін ашып, оқу үдерісін ұйымдастыру барысында оқытушыға қойылатын талаптар туралы баяндады.
Осыған ұқсас іс-шаралар Мемлекет Басшысының елдегі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Басқолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовпен қойылған, оқу үрдісінің Әскери институтқа ағымдық үрдістермен сәйкес келуі және оқытудың перспективалық әдістерін қолдану, талаптарын орындауына бағытталған.

от admin