«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»

Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаевтың қандай да бір мақаласын, жолдауын немесе еңбегін зерделеу, әр адамды түбегейлі ойлауға, өмірге, қоршаған ортаға көзқарасын өзгертуге себеп болып, болашаққа жаңа күш-жігер, қуат беретіндігін атап өткен жөн.
Елбасымыздың әрбір жоспары, тапсырмасы, көздеген нәтижелері дер кезінде туындап, белгіленген уақыттарда жүзеге асырылады. Олар бірінен соң бірі жалғасып, тек нақты мақсаттарға толық қол жеткізу мүмкіндігі бар тиісті кезеңдерінде стратегиялық бағдарламаларға сәйкес, тіпті болжаған көрсеткіштер асыра орындалуда.
Мақаладағы өзекті мәселе, Қазақстан дамуының негізі: болашақтың бағдары – рухани жаңғыру.
Жаңғырудың негізі – адам капиталы. Мемлекеттің халқы неғұрлым білімді, тәрбиелі, мәденитетті, жан-жақты дамыған болса, оның тәуелсіздігі, өркениетті ел болашағы соғұрлым қамтамасыз етілген деп есептеу аксиома.
Біздің пікірімізше, еліміздің даму үрдісіне байланысты Қазақстан халқын келесі топтарға бөлуге болады. Бірақ, бұл топтарға бөлу ғылыми тұрғыда дәлелденбеген, сипаттама толық емес.
1. Кеңес дәуірінде 1990 жылға дейін туып, білім алған азаматтар мен адамдар. Олар басқаларға қарағанда консервативті, жаңаруға аса құлшынбайтын, бірақ атқарған ісіне жауапты тұлғалар. Осы адамдардың Отанымыздың дамуына қосқан үлесін Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен мәртебемен бағалады.
2. Өтпелі кезеңнің балалары. 1990-2002 жылдары туылғандар. Олар, қазақша айтқанда – ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргісі келеді. Тұрақтылық және ауыр істі аяғына дейін сапалы орындау бұл санаттың көпшілігіне тән емес.
3. Екпінді кезеңнің балалары. 2002 жылдан кейін туылғандар. Олардың өмірі тәуелсіздігіміздің алғашқы қиын-қыстау кезеңінен кейін, ата-аналарымыздың ауыр еңбегінің нәтижесі гүлдене бастаған уақытпен байланысты. Бұл санатқа Елбасымыздың салиқалы саясатының негізінде нағыз бақытты бала шағын өтуге барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Егер бірінші санат өкілдері тұлға ретінде қалыптасқан адамдар болса, қалған екеуінің тұлғалық дәрежесі бірқатар қалыптастырушы әсер етуді талап етеді. Өтпелі және екпінді кезеңдердің балаларының тәрбиесінде уақыт және сол кездегі әл-ауқаттың жағдайларына байланысты бірқатар кемшіліктер бар.
Мысалы, екінші кезеңде әртүрлі тапшылықтарға байланысты, баланы заман талабына сай тәрбиелеу мүмкіндігі болған жоқ. Ал үшінші кезең өкілдерінде, мақалада тура айтылмаса да, қазақстандық патриоттық және ұлттық сипаттың ауытқу кауіпі бар сезінеді.
Жоғарыда айтқандай, Елбасымыздың бастамасы уақытылы, жан-жақты бағаланып дәлелденген және мақсатына жететініне кәміл сенемін.
Қазақстан халқының рухани жаңғыруын жүзеге асыруға байланысты жоба ретінде жеке ұсынысымыз бар.
2017 жылы елімізде ЭКСПО ғаламдық көрмесі шеңберінде этноауылдар салынды. Осы этноауылдарды ұлан байтақ еліміздің әр жерінде кеңінен таратып, мерзімдік емес, өз индустриясы бар тұрақты ауылға айналдырса.
Жоғарыда айтылғандай жоба көлемінде Елбасымыздың бағдарламасының қандай бағыттарын жүзеге асыруға болатынына көз жеткізейік.
1. Этноауылдар табиғаты, тарихы бай өлкелерде салыну керек. Мысалы, Бурабай өлкесі.
2. Этноауылдар тек қана көшпенділер өміріне ғана тән болмауы керек. Онда заманауи білім, мәдениет, денсаулық және басқа да мекемелер болуы керек.
3. Этноауылдың өмірін ауқымды бағдарламалар қамту керек. Қазақстан халықының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын паш ететін алуан түрлі кештер, концерттер, сахналық қойылымдар, спорттық ойындар және т.с.с.
4. Этноауыл — балаларға Киндерлэнд, жасөспірімдерге Артек, ересектерге Лас-Вегас, үлкендерге шипажай бола алуы керек. Ол үшін алдыңғы қатарлы медицинамен қамтамасыз ету керек.
5. Жобада жыл мезгілдерінің барлық қолайлы жағдайларын қарастыру қажет.
Бұл экономиканың, туризм бағытының дамуына үлкен үлесін қосады. Себебі еліміздің азаматтары шет елдерге ғана барып қоймай, өз ата-бабаларының тарихын, рухани байлығын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын үлгі тұтып, жас өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, еліміздің дамуына ат салысады. Әлеуметтік-тұрмыстық жағынан жұмыссыздықты жоюға әсер етеді. Бәсекеге қабілетті туризмнің жаңа үлгісін ұсына отырып, өзге елдердің қызығушылықтарын арттырып, қазақ халқын әлемге басқа қырымен танытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шет елде жүрген қандас бауырларымызға ата-баба салтын танып, білуге, жусан иісінің жұпарын емірене иіскеп сезінуге, сағынышын, мауқын басуға үлкен мүмкіндік туғызады.
Бірлігі бар елдің –тірлігі бар емес пе?!
Осындай елдің рухы биік, мақсаты ортақ және келешегі баянды болатыны сөзсіз!

Подполковник Серік Ахметов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институты оқу бөлімінің бастығы

Қызметші Қасымқызы Әсемгүл,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты
оқу бөлімі оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесінің әдіскері

от admin