Тәуелсіздік ұғымының қазақ деген сөзге ерекше құдіреті төгілгенін бәріміз білеміз. М.Қозыбаев осы жайында былайша толғанады: «Бұл замана бізге қымбат – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «Қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін!». Елбасымыз «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ тілі – рухани негізіміз» екенін әрқашан тілге тиек етіп отырады.

Атқарылған игі істердің жалғасы ретінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген бағдарламасы жарық көріп, көпшіліктің талқысына түсіп, халқымыздың жадына әбден орнықты. Ұлттық сана, бәсекелік қабілет, прагматизм, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, латын әліпбиі мәселелерін көтерген бұл бағдарламаның еліміз үшін маңызы айрықша.
Бағдарламада «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу…
… замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп баса айтады. Рухани код пен ұлттық код ұғымдарын негізге ала отырып, жазылған бағдарламаның терең танымдық қасиеті бар.
Мемлекет басшысы Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылатынын, балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы екенін әрқашан айтып отырады. Ұлттық рухты сақтауда балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орнының берері мол. Осы зор жауапкершілікті арқалаған ұстаздар қауымы ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен дінімізді жас ұрпаққа жеткізуде ерен еңбегімен танылуы қажет деп есептейміз.
Жастар «… болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі» екенін бір сәтте естерінен шығармауы жөн. «Мәңгілік ел» болу бағытындағы игі істеріміз, бейбіт өміріміз ұзақ болуы өзімізге байланысты екенін бір сәт те естен шығармауымыз керек.

Ұлттық ұланы Әскерии институтының
тілдік дайындық кафедрасының бастығы
подполковник Канат Дайыров

от admin