2018 жылғы ақпанның 13 бастап 18 дейінгі аралықта Әскери институтта 1 және 2 топтар командалары арасында жеке командалық шаңғы жарысы біріншілігі өткізілді. Барлығы жарысқа бөліністердің 63 әскери қызметшілері қатысты.
Жарыстың қорытындылары бойынша орындар келесі тәртібінде бөлінді — 1 топтық командалық біріншілігінде 3 және 2 орын – тактика және жалпы әскери тәртіп кафедрасы және оқу үдерісін қамтамасыз ету командасы;
1 орынды басшылық және басқарма иеленді – олар грамота және ауыспалы кубогымен марапатталды.
2 топ бойынша 3 орын – 8 оқу ротасы; 2 орын – 7 оқу ротасы; 1 орын – 5 оқу ротасы иеленді, 1 топтағы марапаттауларына сәйкес жүзеге асырылды.
Жеке біріншілікте 1 орын алған үшін грамотамен медальдар наградталды: 1 топ бойынша, 1 және 3 жас тобында сержант Павел Осипенко – техника және қару-жарақ бөлімінің бөлініс бастығы (пункт бастығы); 4 пен 6 жас тобының арасында байланыс взводының аға маман (электр күш орнатқыштарының бастығы) старшина Матюшин Олег; 2 топ асты бойынша 1 орын алған үшін 5 оқу ротасының курсанты қатардағы жауынгер Рустам Сағандықов ие болды.
Жарыста жоғары нәтиже көрсеткені және белсенді ат салысқаны үшін редакциялық-баспа орталығының аға маманы прапорщик Жұматаева Гүльмира, тактика және жалпы әскери пәндер циклінің оқытушысы қызметші Александр Юдин; жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы қызметші Болат Қожахметов грамотамен наградталды.
Қазақстан Республикасы әскери-спорттық біліктілік ережесіне сәйкес орнатылған разряд нормаларын орындаған әскери қызметшілерге: 3 спорттық разряд – 9 адам, 2 спорттық разряд – 3 адам, 1 спорттық разряд – 7 адамға берілді.
Петропавл қаласының жоғары әскери-оқу мекемесінің әскери қызметшілері спорттық әр түрімен белсенді шұғылданады, сол секілді Оңтүстік Корея Пхенчхане қаласының жайғасқан олимпиада баталияларын көруге үлгеріп жүргенін атам өткен жөн. Сонымен, ал нақыт айтар болсақ шаңғы жарысымызбен өзіміздің жерлестерімізді соның ішінде Олимпиада-2018де қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстанның атынан шыққан ұланшылар-әскери қызметшілерін қолдау бойынша шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының баспасөз қызметі

от admin