Жылсайын барлық постсоветтік елінде 15 ақпаны Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан совет әскерінің шектелген контингентінің шығарылған күні аталып өтіледі. Ауғаныстан соғысы арқылы СССРО Қорғаныс Министрінің берілгендері бойынша 546 мың сарбаз және офицерлер өткен, әр 25-шісі қазақстандық болған. Біздің облысымызда ауған соғысының 883 ардагері 46 солтүстік қазақстандықтар соғыстан оралмаған.  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты салтанатты күні назардан тыс қалдырған жоқ. Жоғары әскери-оқу мекемесінің бастығы Серікхан Абселемов 30 жыл бұрын сол сұрапыл соғыстың қиыншылықтарын көргенін атап өткен дұрыс.…

Сол жылдардың оқиғасы әртүрлі бағаланады. Ауған соғысына әртүрлі қарайды, бұйрықты бергендер сол бұйрықты өздері орындаған. Ауғаныстан аумағында өткен сол және басқа да әрекеттер бір сыйымды және қатыгез сөз – соғыс болатын. Соғыс, ешқашан қайталанбауы тиіс, оның салдары өмір бойы есімізден кетпес із қалдырды.

 Әскери институтында Ауғаныстан Демократиялық Республикасының совет әскерінің шығарылған күніне 29 жыл толуына орай өткізілген іс-шара ауған жерінде қаза болған еске алу бир минут үнсіздіктен басталды.

Әскери институттың жеке құрамы үшін әскери-оқу мекемесінің офицер-ауғаншыларға, шақырылған жауынгерлік-интернационалистері және ауған соғысында қаза болған Евгении Гориевтың анасы Александра Тихоновна үшін біздің өңірдегі белгілі вокальды-инструментальдық «Курс» тобы әртүрлі композицияларды орындады сол секілді «Черный тюльпан» орындалды. СҚО бойынша Қазақстан Республикасының Ауғаныстан және локальдық әскері Одағы ардагерлерінің төрағасы Игорь Гамов және бірегейлі адам «Каскад» тобының өнегелі әндерінің авторы, халық артисі, Солтүстік-Казақстан облысының тумасы, жауынгер-интернационалист Игорь Грязнов барша қауымды құттықтады.

Ауған соғысы тоғыз жылға дейін созылды, шамамен жарты миллион бейбіт тұрғындары қаза болды, миллиондаған ауғандықтар туған жерлерін тастап кетті. Совет әскері үшін өте қиын кезең болды, жеке құрамның барлық құрамы жас толықтырушылардан болған, олар қиын тактикалық жағдайға таулы аумақтың партизандарымен соғысуға дайын болмаған.

Совет әскерін Ауғаныстанға ену туралы сұрақ алғашқы рет 1979 жылғы 15 наурызы күні күн тәртібіне қойылған, Герата тұрғындары өкіметке қарсы кикілжің туындаған кезде Ауған басшылары Ауғаныстан Демократиялық Республикасы аумағына совет әскерін енгізу арқылы кикілжіңді басуға әскери көмек сұрап жолыққан. АДР совет әскерінің қатысуы ресми түрінде басты мақсаты ретінде қойылды – сырттан шабуыл жасаушы және жағдайдың тұрақтануына нақты көмек көрсетілсін. Олар жергілікті тұрғындарды қарақшылар тобынан қорғау және бірінші кезекте жағар май, азықты бөлулері қажет. Совет өкіметі әскерді енгізу қысқа мерзім уақытында болады деп ойлаған. 1979 жылы 25 желтоқсаны совет әскерінің шектелген контингентін Ауғаныстанға Кушкудан Гератқа және Кандагар одан әрі Кабулға енгізілді. Осылай онжылдық ұзаққа созылған Ауған соғысы басталды.

— Мен екінші кезекте болдым. 177 мотоатқыш полкінде болғанмын. БТР жүргізушісі болдым. Саланг- өмір жолын күзеттім. Бұл Ауғаныстанның стратегиялық қолайлы жері, Гиндикуш тауында елдің солтүстік пен орталығын байланыстырып тұрған. Ауғаныстанда 1981 жылы Ауғаныстанда қызметінің аяқталуының алдында біздің лекті оқ астына алды, оларды тезарада ұрыс алаңынан көшіру керек болды. Кейін Отаныма оралдым. 1997 жылы әскери училищеге жұмысқа тұрдым, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты. Бұл жерде зейнеткерлікке дейін жұмыс жасадым – 2010 жылы құрмет демалысына шықтым, институт ардагері Петр Цвингер әңгімесінде айтты.

Бұл соғыс ССРО құлауына ең басты себебі болғанын көбі санайды. Ауған соғысы уақытында совет әскерінің шамамен елу мыңға дейінгі жауынгері қаза болды, отыз бес мыңға дейін жараланған, ал Ауғаныстан қираған үйінді болып қалды. Соғысқанның көбі Солтүстік-Қазақстан облысынан болатын. Отанына деген сүйіспеншіліктері жас сарбаздардың ауған соғысына қатысуына итермеледі. Соғыс аяқталғаннан бері осы күнге дейін патриотизм өшкен жоқ және кейбір ардагерлер осы күнге дейін мемлекетіміздің көркейуіне қызметтерін атқаруын жалғастырып келе жатыр.

2018 жылдың 15 ақпаны жауынгер-интернационалистер ескерткішіне гүл шоғын қоюға Ауғаныстан соғысынан қайтпаған ерлерді еске алуға жүздеген Петропавлдықтар келді.

— Жас адам әрқашан білуі тиіс соғыс бұл қатігез зат бұл ешқашан қайталанбасын. Егер болып жатқан жағдайда ол өз өмірін және өз қызметтестерінің өмірін сақтап қалуы керек деді- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты полковник Серікхан Абселемов белгіледі.

Гүл шоғын қойғаннан кейін бұрынғы ауғаншылар, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, әскери қызметшілері бастарын иіп қаза болғандар алдында бір минуттық үнсіздікпен аяқтады.

— Ауғаныстанға менімен жас бір жарым мыңдай шақырылды. Қазір облысымызда ауған соғысының 883 ардагері тұрып жатыр, 12 мүгедек болып оралған. Көп жігіттер әскерден кетер алдында қаза болды. Олардың ішінде Илья Клепальскиде бар, ол жас сарбаздарды операцияға жібермей өзі барып қаза болды, дейді Ауған және локальдық әскері ардагерлер Ассосациясының төрағасы Игорь Гамов әңгімеледі.

1989 жылы 15 ақпаны – АДР совет әскерінің толық шығуы және әскери кикілжіңнен шыққан күні болып табылады. Бұл күні Совет армиясының генерал-лейтенанты  Борис Громов ресми ақпараты бойынша екі елдің достық шекара моты бойынша соңғы өткен әскери қызметшінің бірі болды.

Шындығында СССРО ҰМҚ шекара әскері совет-ауған шекара күзетінде міндеттерін 1989 жылдың сәуіріне дейін міндеттерін орындаған.

Совет Одағы үшін ауған кикілжіңі тарихи оқиғаларға қарама қайшыларының бірі болып табылды. Заманауи тарихшыларының көпшілігі он жылдық сұрапыл соғыс СССРОның құлдырауына әкеліп соққандығы деп ойлайды. Кейбіреулері «Ауғаныстан Демократиялық Республикасындағы операция «Совет Одағының құлдырауының соңы болып табылды» деп санайды.

29 жылдықта ауған-жауынгері мәртебесіне елімізде 16 мынан астап азаматтары ие болды. Өкінішке орай, жылсайын бұл сан азайып келеді. Кикілжің туралы талас әлі күнге дейін қорытындысы шығарылған жоқ, өз еріктерінде шебінде қаншама адамның тағдыры қалуда. Дәстүр жазбасы бойынша қаруланған кикілжің, әлі соңғы сарбаз жерленбегенше аяқталмаған болып қалып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның локальдік кикілжің және Ауғаныстан ардагерлер Одағының ақпараты бойынша ес-түссіз жоғалып кеткен біздің жерлестеріміздің 18 қалды. Отанымыздың іздеу бойынша арнайы адамдары интернациональдық борыштарын толыққанды орындаған соңғы қазақстандық сарбаздың қалдығын туған жерімізге жеткізбей жұмыстарын жалғастырады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспа қызметі

Фотогалерея 

от admin