Әскери институтта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күнінің құрылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Басшылықтан Петропавлдың жоғары әскери оқу мекемесінде өздерін жақсы жағынан көрсете білген әскери қызметшілерге кеуде белгілері, грамоталар, әскери шенін мерзімнен бұрын беріліп, құттықтау сөздер айтылды.

Тәуелсіз мемлекетімізді құқықтық тәртіп әскерінсіз көруіміз мүмкін емес. Қазақстанда оны тәуесіздігімізді қабылдағаннан 26 күннен кейін құрды. Сол кезден бастап Ұлттық ұлан еліміздің тыныштығын қорғайды.

— Қауіпсіздік сұрағы заңдылық бойынша бірінші деңгейдегі болып табылады. Сондықтан да, республикамыздың Тәуелсіздігін қабылдағаннан кейін 26 күн соң Ішкі әскерлерінің құрылуы туралы шешім қабылданған болатын, бүгінде Ұлттық ұланы – ҚР ҰҰ ӘИ бастығының орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі) Бақыт Алазов өз баяндамасында атап өтті.

— Қуанышты, еліміздің басшылық етуімен Ұлттық ұлан офицерлерінің ерен еңбектері жақсы жағынан бағаланып еленді. Тәуелсіздік жылдары әскери қызмет ерекшеліктері, қызметтік-жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындау кезінде ерлік пен батылдықтары үшін Ішкі әскерлер және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің 200 шамасында орден мен медалдармен марапатталды, отыздан астам басшылық звеносындағы офицерлер еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғары Басқолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генералдық иық белгісі тағылды.

Ұлттық ұланы күні әскери қызметшілер әскердің басқолбасшысы мен Әскери институт бастығының құқығымен наградалар алды.

Ұлттық ұланның басқолбасшысының бұйрығымен майор Аслан Ерғали және үшінші сынып сержанты Талғат Абдугалиев мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін адал және тырысушылықпен орындағаны үшін «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», сәйкесінше бірінші және екінші дәрежедегі кеуде белгісімен марапатталды.

Майор Андрей Кулаганың иығында жаңа жұлдыз жарқырады. Подполковник әскери шенін мерзімнен бұрын алды. Аталмыш офицер 2013 жылынан бастап Әскери институттың курсанттарын дене даярлықтарына жауап береді. Оларды тек қана үйрете ғана қоймай, жастар үшін үлгі болып табылады.

Әскери институтта 800 ден астам курсанттар білім алып жүр. Оларды жүзден астам оқытушылар оқытады. Сонымен қатар өзара бірлесе жұмыс жасағандары үшін қалалық мәдениет үйінің директоры Асқар Жаменов ҚР Ұлттық ұланы нышаны белгіленген қол сағатымен марапатталды. Марапаттаулар аяқталғаннан кейін залда жиналған қонақтарды және ардагерлерді, қызметшілерді, әскери қызметшілерді Әскери институт бастығы полковник Серикхан Абселемов, Әскери институт ардагерлер кеңесінің бастығы запастағы полковник Сабит Ахметов, әрекеттестік органдарының өкілдері құттықтады. Салтанатты іс-шара әскери оркестр және қалалық шығармашылық ұжымының композияларын орындаумен мерекелік концертпен аяқтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспасөз қызметі

фотогалерея

от admin