Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Ахметов Сәбит Қамитұлының 70 жылдық мерейтойына арналған құрметтеу кеші Петропавл қаласының қалалық мәдениет үйінде өткізілді. Атап айтарлығы Петропавл гарнизонының ішінде офицерлерді құрметтеу кеші бірінші рет Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтында болып отыр.
Жоғары шендегі офицерге берілетін погон ол – лайықты тұлғаға ғана арналған. Яғни ол бүкіл ғұмыры бойы абыроймен жоғары дәрежеге сәйкес адал қызмет атқарып өтеді. Офицер – ерте заманан бастап келе жатқан рухы мықты жауынгер. Офицердің басты міндеті ол – Отаның қорғау. Отаның қорғау дегеніміз – тарихын білу, салт-дәстүрін сақтау, отансүйгіштік қабілеті болу, кез келген қиындық жағдайда рухын жоғалтпай соған қарсы төтеп беру, сатқындық болдырмау, отаны және халқы үшін соңғы ақтық демі қалғанға дейін ішкі жауларымен күресу, яғни нағыз офицер болу деген осы.
Әскери ортада офицерлерді құрметтеу деген абырой тұтарлық дәстүр. Офицерлік қауымдастықта ғасырлардан ғасыр бойы келе жатқан әскери дәстүр. Ол дәстүрде офицердің күнделікті өміріндегі өзінің ережесі, ар намыс кодексінің талаптарын сөзсіз сақтау. Офицер айтқан сөзінде тұрып, мүлтіксіз орындап, қойылған тапсырманы дереу ешқандай сөз келтірместен орындауы. Осындай офицерлердің бірі отставкадағы полковник Ахметов Сәбит.
Полковник Ахметов Сәбит Қамитұлы 1947 жылы 20 желтоқсанда Қостанай облысы Ленин ауданы Камышевка ауылында дүниеге келген. 1973 жылы КСРО ІІМ Ленинградтық жоғары саяси училищесін және 1980 жылы В.Ленин атындағы Әскери-саяси академиясын бітірген. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында 1966 жылдың қазан айынан бастап. Қызмет барысында милицияның арнайы батальонында атқыштан бастап училищенің бастығына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды. 90 жылдардың басында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскердің комитеті басқармасы кадр бөлімінің бастығы болып Қазақстанның құқықтық тәртіптік әскеріне көптеген кадрларды қалыптастырып, біріккен Қарағанды және Петропавл қалаларын басқарды.
Сәбит Қамитұлы 14 үкіметтік наградалармен марапатталған. Соның ішіндегі ең алғашқы наградасы КСРО ІІМ Жоғарғы саяси училишесінің курсанты болып жүргенде Лениннің 100 жылдық мерейтойына қарсы «Жауынгерлік айбыны үшін» медалімен және «Мінсіз қызметі үшін» атты жазылған Макаров тапаншасымен наградталғаның мақтанышпен айтады.
Әскери оркестрдің орындауындағы «Столичный маршымен» сахна шымылдығын жүргізушілер Мұхит Ахметов және Раушан Даниярова ашты. Одан әрі сахна төріндегі құрметті орынға Сәбит Қамитұлы мен жұбайы Қарлығаш Сұлтанғалиқызы шықты. Алғашқы құттықтау сөзді бас қала қоңағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов және Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов сөз сөйледі. Мұхаметқали Құсайынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау адресатын оқып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның нышаны бар естелік сыйлығын тапсырды.
Одан әрі Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев және Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов сөз сөйледі. Антон Владимирович облыс әкімі Құрма Ақсақаловтың атынан құттықтау сөз айтып, құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Токушев және Солтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Илеюсизов өздерінің ыстық лебіздерін жолдады. Ескендір Ысмақұлы «Солтүстіқ Қазақстан облысының құрметті ардагері» атты белгісімен, ал Қалиақпар Жұбанышұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Қалмұханбет Қасымовтың атынан «Еңбек ардагері» атты құрмет белгісімен марапаттады.
Әскери оқу орнының әр жылдағы бастықтары генерал-майор Амангелді Дюкенов және генерал-майор Жұмабек Ахметов өздерінің қызмет барысындағы және достық кезіндегі түрлі қызықтарды еске алды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы полковник Серікхан Абселемов жеке құрам атынан құттықтау сөз айтып бағалы сыйлықпен марапаттады.
Құрметтеу кешінің сәнін әскери оркестр, Әскери институттың Жауынгерлік тудың қарауыл ротасы, облыс және қала бишілерімен қоса әншілері көркін келтірді. Сәбит Қамитұлының сүйіктік композициялары «Офицерская дружба», «Прощание славянки», «Сарбаздар ұландар» орындалса, Қарлығаш Сұлтанғалиқызын тыс қалдырмай сүйікті әні «Любимые глаза» орындалды. Сәбит Қамитұлының жұбайының орны ерекше, Қарлығаш Сұлтанғалиқызы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соттың мүшесі болған, Қазақстанның тәуелсіздік алған кезде сот саласының құрылуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар кеше ғана 70 жылдығын тойлады. 29 желтоқсан күні отбасы құрғандарына 45 жылдықтарын атап өткелі отыр.
Кештің соңында Сәбит Қамитұлы келген қонақтарға, концертке қатысушыларға, салтанатты құрметтеу кешін ұйымдастырушыларға өзінің ыстық ілтипатын жеткізді. Біз Сәбит Қамитұлына және отбасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының тілші қызметі

фотогалерея

от admin