Тілдік даярлық кафедрасы

«Көптеген тілдерді білу дегеніміз – бір құлыпқа кілттердің көп болуы»

Кафедра жұмысы туралы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының тілдік даярлық кафедрасы қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкес тілдік даярлық деңгейін арттырумен, білім алушылардың оқыту және тәрбиелеу әдістемесін жетілдірумен, әскери ғылымдармен пәнаралық байланыстарды іс жүзінде іске асырумен, оқу үрдісіне ғылым мен инновациялық технологиялардың жетістіктерін енгізумен, сабақтар өткізумен айналысады.

Кафедра оқытушылары білім алушылардың арасында тәрбие мен білім беру бойынша әртүрлі шаралар жүргізеді: олимпиадалар, тілдік пәндер бойынша байқаулар, әдеби-музыкалық кештер, тақырыптық әңгімелесулер, сұрақ-жауап сайыстары және басқа да іс-шаралар. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жетекшілігімен білім алушылары әртүрлі жоғары оқу орындары, өңірлік және қалалық конкурстарға белсенді қатысады. Кафедрада оқу жылы бойы Тәжікстан Республикасынан келген курсанттар үшін қазақ, орыс және шет тілдері бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылған.

Әдістеменің және ұлттық сана-сезімді тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша кафедра жыл сайын өзекті тақырыптарға арналған конференциялар мен семинарлар жоспарлайды және өткізеді, Кафедра ұжымы өз ісіне деген адалдығын, білім алушыларды тәрбиелеу мен оқытуға шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді. Кафедраның оқытушылары сабақтарда оқуға деген ынтаны жетілдіру мақсатында көркем әдебиетті оқытумен айналысады.

Добавить комментарий